Компания туралы қысқаша мәлімет
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ – бұл Солтүстік Қазақстан өңірінде ЖЭО-2, Солтүстік Қазақстан үлестіру электр желілері, Петропавл жылу желілері, электр және жылу энергиясын өткізу кәсіпорындарын біріктірген жалғыз энергетикалық компания.
Компания Петропавл қаласында жылу энергиясын өндіру, тарату, үлестіру және өткізумен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысында және одан тыс жерлерде электр энергиясын өндіру, тарату, үлестіру және өткізумен айналысады, бұл аталған қызмет түрімен айналысуға құқық беретін лицензиямен расталады.




