Бұл - Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 2-ші курс студенттері. Болашақ энергетиктер бүгін өз мамандықтарының қыр-сырымен іс жүзінде танысты. Жастардың жартысы болашағын "СҚ Электр желі тарату компаниясымен" байланыстырғысы келеді. Сондықтан, экскурсияға қатысып, кәсіпорынның тарихын білді. Кейін құрылғылардың қалай жұмыс жасайтынын көрді. Жыл сайын аталмыш компания жоспарлы түрде қаламыздың оқу орындарының студенттерімен кездесу өткізіп тұрады. Дәстүрге айналған шараның басты мақсаты - электр энергетикасы саласында қызмет жасағысы келетін мамандарды тарту. Бұл кездесулер өз нәтижесін беруде,- дейді аталмыш компанияның бас инженері Виталий Фесько.

Виталий Фесько - "СҚ Электр желі тарату компаниясы" АҚ бас инженері

- Кадр бөлімінің есебіне сүйенсек, біздің компания жұмысшыларының 80-90 пайызы орта білімді мамандар. Олардың көбі Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері. Сол себепті біз осындай кездесулерді жиі өткізіп тұрамыз. Өткен жылы ғана біздің компания 15 маманға толықты. Олар да аталмыш білім ордасының түлектері. Осы оқу орнымен 2014 жылы әлеуметтік серіктес ретінде келісімге отырдық.
Кейін эксурсия диспетчер орталығында жалғасын тапты.

Энергетик болуды кішкентайынан армандаған Алексей 9-шы сыныптан кейін осы мамандыққа түспекші болады. Бірақ жолы болмай, бағын 2 жылдан кейін сынап көреді. Нәтижесінде ол Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің "электроэнергетик" мамандығының студенті атанды.

Алексей Блажко - Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті

- Мен кішкентайымнан электр сымдарды бір-біріне жалғап, ойнауды ұнататынмын. Сол себепті "электроэнергетик" мамандығын таңдадым. Өзіме ұнайды. Түрлі кездесуге барып тұрамыз. Бүгінгісі тіптен ерекше. Мен суреттен ғана көретін құрылғыларды өз көзіммен көріп,таныстым. Қызығушылығым арта түсті.
30-ға тарта студент бұл кездесуден көп әсер алып қайтты.

Автор: Айгерим Ержанова
Источник: Муниципальный телерадиоканал