Петропавл 2-ЖЭО

Петропавл 2-ЖЭО қызметінің негізгі түрі жылу және электр энергиясын өндіру болып табылады. Станцияның белгіленген қуаты – электр энергиясы бойынша 541 МВт, жылу энергия бойынша 713 Гкал/сағ құрады. Станция келесі цехтардан тұрады: отын-көлік, қазандық, турбина, электрлік, химиялық. Көмекші цехтар: жылу автоматикасы және өлшеулер цехы, жөндеу-механикалық цех, оттегі станциясы, жөндеу-құрылыс учаскесі. Станция Қазақстан Республикасының энергияжүйесімен ӘЖ-220кВ бойынша  қатарлас жұмыс істейді:  «2711», «2721» және ӘЖ-110кВ «Сибирь», байланыстың алты трансформаторларымен 35/110/220кВ ашық тарату құрылғылары бар.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да отынның негізгі түрі КСН маркалы Экібастұз бассейнінің көмірі болып табылады. Тамызықтық отын М-100 маркалы мазут болып табылады.