«Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ

«Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ («Солтүстік-Қазақстан ЭТК» АҚ) «СЕВКАЗЭНЕРГО» кәсіпорындары тобында генерирлейтін көзі болған Петропавл 2 ЖЭО өндіретін электр энергияны бөліп таратады. «Солтүстік-Қазақстан ЭТК» АҚ 1999 жылғы 19 қаңтарда құрылды, ал 2008 жылғы ақпанда «Ақсесс Энерго СҚ БЭК» ЖШС-не өзгертілді. 2010 жылғы 15 қаңтарда компанияның ұймдастыру-құқықтық түрі «Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» акционерлік қоғамына («Солтүстік-Қазақстан ЭТК» АҚ) қайта құралды.

«Солтүстік-Қазақстан ЭТК» АҚ компаниясының негізгі қызметі Солтүстік Қазақстан облысының 8 ауданына және Петропавл қ. электр энергия беру және бөліп тарату болып табылады. Компанияның қызмет көрсету аймағы 44 952 шашшы шақырым құрайды. Кәсіпорын жұмысшыларының саны орта шамамен 1 229 адам құрады.

«Солтүстік-Қазақстан ЭТК» АҚ өз қызметін келесі мемлекеттік лицензиялар негізінде жасайды:

  • Медициналық әрекетін жүргізуге лицензия № 01362DT от 10.12.2015 ж.;
  • Құрылыс-монтаждық жұмыстарын жасау құқығын беретін 2009 жылғы 17.04. МЕМЛ № 000463 лицензиясы.

Компания құрылымына келесі бөлімшелер енеді:

  • Қызылжар АЭЖ, Мамлют АЭЖ, Жамбыл АЭЖ, М.Жұмабаев атындағы АЭЖ, Аққайың АЭЖ, Есіл АЭЖ, Шал ақын АЭЖ, Тимирязев АЭЖ;
  • Магистралдық желілер және қосалқы стансалардың оңтүстік учаскесі;
  • Қалалық электр желілерді басқару;
  • Электр қуатты үлестіру және бақылау басқармасы;
  • Қайта жөндеу, жаңғырту және жөндеулер басқармасы;
  • Өндірістік бөлімшелер мен басқармалар. 

«Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ балансында қосалқы стансалар бар:

  • 10/0,4 кВ – 2293 дана;
  • 35 - 220 кВ - 163 дана.

Сонымен қатар ұзындығы 13 440,1 км электр беру желілері, ішінде:

  • 35 және одан да жоғары кВ әуе желілері – 4 264,51 км;
  • 10-0,4 кВ әуе желілері- 8 777,38 км;
  • Кабель желілері - 398,21 км.