Профсоюз

Кәсіподақ қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР Еңбек кодексіне, «Кәсіптік одақтар туралы» Заңға, «Қазэнергокәсіподақ» ҚБ жарғысына, «Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағы» ҚБ филиалдары туралы ережелерге, ұжымдық шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

Кәсіпорындағы кәсіподақ ұйымы қызметінің негізгі бағыттары:

Тараптардың әлеуметтік әріптестік, өзара мүдделері мен құрметтеу қағидаттарын басшылыққа ала отырып,

Жұмыс берушімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

Ұжымдық шарт, салалық, өңірлік, бас келісімдер бойынша міндеттемелерді орындау;

Еңбекақы, еңбек жағдайлары, демалыс, емделу, тұрмыстық жағдайларды жақсарту мәселелері бойынша кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін және отбасы мүшелерінің мүдделерін білдіру және қорғау;

Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, соның ішінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, АҚ жұмыскерлерінің санын және ұйымдық құрылымын оңтайландыру бойынша келісілген іс-шараларды өткізу кезінде өз өкілеттіктері шегінде әлеуметтік-еңбек дауларды алдын алу және еңбек ұжымдарындағы шиеленісті азайту бойынша шаралар қолдану;

Жұмыскерлердің ішкі еңбек тәртібі ережелері мен еңбек тәртібін, сондай-ақ қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін сақтауына ықпал ету;

«Кәсіптік одақтар туралы» Заңға сәйкес өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;

Жұмыскерлерге арнайы киім, жеке қорғаныс құралдары мен сүт берілуіне бақылау жасау;

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрамында еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен оны қорғауға тексерулер жүргізу бойынша жұмыс берушімен бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» кәсіпорындар тобында 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1725 кәсіподақ мүшесі бар, оның ішінде: «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Кәсіподақ ұйымы» – 489 адам, «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ Кәсіподақ ұйымы» – 1158 адам.

Ұжымдық шартты орындау шеңберінде кәсіпорындарда жұмыс берушілер кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып жұмыскерлердің еңбегі мен денсаулығын қорғау және олардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша іс-шараларға үлкен көңіл бөледі, соның ішінде:

Кәсіпорын жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелері үшін СҚО демалыс аймақтарына шығумен спорттық-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу; Жұмыскерлердің Н. Погодин атындағы облыстық драма театрына, Қазақ музыкалық-драма театрына, кинотеатрларға, облыстық филармонияға және жылыжайға баруын ұйымдастыру; Жұмыскерлер балаларының Солтүстік Қазақстан облысының сауықтыру лагерьлеріне («Достық», «Березка», «Аю-тас», «Родник», «Лесная поляна» с/л) баруын ұйымдастыру;  Су тасқынынан немесе басқа да табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету. Кәсіпорын қызметкерлерінің балаларына жаңажылдық сыйлықтар сатып алу; 14 жасқа дейін (қоса алғанда) (бір балаға бір сыйлық): 50%-ы кәсіпорын есебінен; 50%-ы кәсіподақ комитеті (кәсіпком) есебінен; «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО босатылатын, кәсіпорын қызметкерлеріне арналған жеңілдікті көмірдің уақытылы шығарылуын және бір қызметкерге бес тоннаға дейін облыстың құрылымдық бөлімшелеріне жеткізілуін бақылау; «Мектепке жол» акциясын өткізу; қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне, соның ішінде балаларына ауыр ауруларға (онкология, кардиология және т.б.), оталарға байланысты ақшалай қаражат бөлу.

Сондай-ақ, кәсіподақ ұйымдарының жұмыс жоспары бойынша жылдық шығыстар сметасына сәйкес іс-шаралар өткізіледі:

Ресей Федерациясының аумағында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан сарбаздардың сүйектерін қазу мен жерлеу жұмыстарына Солтүстік Қазақстан облысынан «Поиск» тобымен бірге жыл сайын халықаралық «Еске алу вахтасына» қатысатын «Саланг» әскери-патриоттық клубының мүшелеріне ақшалай қаражат бөлу («СҚ ЭТК» АҚ кәсіподақ ұйымы); семинарлар ұйымдастыру, кәсіподақ активін оқыту; тыл еңбеккерлерін ұлықтауды ұйымдастыру, басшылықтың кәсіпорын ардагерлері-зейнеткерлерімен кездесуін өткізу; пейнтбол, шағын футбол және т.б. бойынша спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу; қызметкерлердің Н. Погодин атындағы облыстық драма театрына және облыстық филармонияға баруын ұйымдастыру; кәсіподақ мүшелеріне мерейтойлық күндерге, емделуге, неке қиюға, бала туылғанда, қызметкерлердің жақын туыстарын жерлеуге, зейнеткерлік жасқа толғанда қайырымдылық көмек көрсету; кәсіпорын қызметкерлерінің балаларына жаңажылдық шырша мерекесіне билеттер сатып алу; Донор күнін ұйымдастыру, жастар арасында ауыр нақас адамдарға, соның ішінде балаларға қан мен оның компоненттерін тапсыру қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Кәсіподақ ұйымы» филиалы

Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, 150000, Я. Гашек көшесі, 28, Петропавл 2-ЖЭО.

Тел.: +7 (7152) 52-02-61

Email: O.Zozulya@sevkazenergo.kz

«Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату  Компаниясы» АҚ Кәсіподақ ұйымы» филиалы

Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, 150009, Ә. Шәжімбаев көшесі, 144.

Тел.: +7 (7152) 31-46-60

Email: O.Rahmatulina@sevkazenergo.kz