Қазақстан Республикасының 2026ж.9 қаңтардағы №254-VIII заңының негізінде Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» заңының 24 бабы 5 тармағына өзгерістер енгізілді, өзгерістер бойынша тек қана Мемлекеттік корпорациясы «цифрлық үкімет» веб порталы арқылы не өкілетті органының цифрлық жүйесі арқылы, не мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы (https://gov.ggk.kz/) электр желілерге қосылуға не реттелетін қызметтер көлемін ұлғайтуға техникалық шарттарын беруге өтініштерді қабылдайды және де оларды қарастыру нәтижесін береді.
«Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-ның кеңсесі, тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы және облыс аудандарының құрылымдық бөлімшелері арқылы электр желілерге қосылуға не реттелетін қызметтер көлемін ұлғайтуға техникалық шарттарын беру өтініштерің қабылдау мүмкіндігі жоқ.
Техникалық шарттарының күшін жою және олардың мерзімін ұзарту не техникалық шарттарының дубликаттарын беруге өтініштер тапсыру тәртібі өзгерген жоқ.

