Компания туралы

«СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамы («СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, Компания) Солтүстік Қазақстан облысындағы энергиямен қамтамасыз етудің барлық саласын (энергоресурстарды генерациялау, тасымалдау және өткізу) қамтитын вертикалды түрде біріктірілген компания. Кәсіпорын «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның («ОАЭК» АҚ) компаниялар тобына кіреді. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2009 жылы 13 шілдеде қайта құру нәтижесінде акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық формасында құрылған және ол Солтүстік Қазақстан облысының әділет органдарында 1999 жылғы 19 қаңтарда тіркелген «Аксесс Энерго 2-ПЖЭО» ЖШС-ның барлық құқықтары мен міндеттерін жалғастырушы болып табылады.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ құрамына кіретін кәсіпорындар:

  • Петропавл 2-ЖЭО;
  • «Солтүстік Қазақстан Электр желістік Тарату Компаниясы» АҚ («Солтүстік Қазақстан облысының электр желілері);
  • «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС (Петропавл қ. жылу желілері);

Компания корпоративтік басқару қағидаларын белсенді енгізіп, бизнес-процестерді оңтайландырып, өндіріс, денсаулық қорғау және әлеуметтік салаларда халықаралық стандарттарға сәйкес тәжірибемен жұмыс жүргізуді жетілдіруде.