ҮЙДЫҢ ЖАПЫ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ
Көп пәтерлі тұрғын үйде тұтынатын электр энергиясы екі бағытта жұмсалады: әр пәтер үшін бөлек және жалпы пайдаланатын орындары үшін (баспалдақ алаңшалары, жертөлелері, техникалық қабаттар, қоқыс қабылдайтын камералар, лифттер, домофондар мен т.б. жұмысына). Әр бөлек пәтер үшін электр энергия жеке есепке алу аспабы арқылы (санауыш) есептеледі. Үйдің жалпы қажеттіліктеріне (ҮЖҚ) электр энергия электр желілердің теңгерім қатыстығы шекарасында орнатылған үйдің жалпы есепке алу аспабымен бекітілген тариф бойынша есептеледі және төлем жасауға беріледі.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94-I заңымен (бұдан әрі – Заң) электрмен жабдықтау шарттарын жасасу тәртібі реттелген.
Пәтерлер, тұратын емес бөлмелердің иелерінде кондоминимум нысанын (жеке меншікте болған пәтерлер, тұрмайтын бөлмелер, парктеу орындарынан тұратын бірыңғай мүліктік кешенін, және жеке (бөлек) меншікте бола алмайтын және иелерге жалпы үлестік меншігі құқығымен тиесілі жалпы мүлікті басқару үшін кондоминимум нысанын басқарудың үлгілерінің бірін таңдап алуға құқығы бар:
1) ТББ – тікелей бірігіп басқару (пәтерлер, тұратын емес бөлмелер саны отыз алтыға жетпегенде);
2) МИБ –мүлік иелерінің бірлестігі.
Заңның 3 бабы 13 тармағы және 34-1 бабы 1., 2., 6 тармақтарына сәйкес орнатылды: кондоминимум нысанын басқару шығындарын және кондоминимум нысанының жалпы мүлігін күтіп ұстауға - пәтерлер, тұрмайтын бөлмелер иелері міндетті жарна төлеуге тиіс, жарна мөлшері кондоминимум нысанын басқаруға шығындар сметасын есептеу әдістемесіне, және де кондоминимум нысанын басқаруға және кондоминимум нысанын жалпы мүлігін күтіп ұстау шығындардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес иелерінің жиналысымен орнатылады; пәтерлер, тұрмайтын бөлмелердің иелері ағымдағы жинақтау және нысаналы жарналар төлеуге міндетті; ағымдағы жарнаның мөлшері пәтердің пайдалы аумағы, тұрмайтын бөлменің аумағы бойынша орнатылады; мүлік иелері бірлестігінің төрағасы не кондоминимум нысанын басқару субъектісі ағымдағы есеп шоттан кондоминимум нысанының жалпы мүлігін күтіп ұстауға жұмсаған коммуналдық қызметтері үшін төлем жасауға міндетті. Төлемі жасалған шарттары негізінде, пайдалану жауапкершілігінің шекарасында орнатылған есепке алу аспаптары бойынша және белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша коммуналдық қызметтер беретін, энергиямен жабдықтайтын және сумен жабдықтайтын ұйымдарына жасалады.»
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі №249 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қызметтер тізімі мен Коммуналдық қызметтерін көрсету бойынша тұрпатты қағидаларына сәйкес: коммуналық қызметтері өнім беруші мен тұтынушы және/не әр қызмет түріне шарт жасасуға заңнамамен белгіленген тәртібімен сенімді басқа тұлғамен шарт негізінде беріледі. Кондоминимум нысанының жалпы мүлігін күтіп ұстауға жұмсалған коммуналдық қызметтері үшін төлем жасау тәртібі мүлік иелерінің жиналысымен шешіледі.
Бөлмелер иелерінің жалпы жиналысымен ҮЖҚ үшін есепеулерді пәтеріне, тұратын емес бөлмесіне ашылған жеке дербес шоттарына аудару туралы шешім қабылдаған жағдайда, бөлмелердің иелері ҮЖҚ-не тұтынған электр энергия үшін төлемін өздері тікелей «Солтүстік Қазақстан Электр желі Тарату Компаниясы» АҚ –на төлеуге міндетті.
Дауыс бергенде пәтерлер, тұрмайтын бөлмелер, парктеу орындарынан, қойма иелерінде бір дауыс бар. Егер иеде бірнеше пәтерлер, тұрмайтын бөлмелер, парктеу орындары, қоймалары болса, онда соншама дауыс болады. Егер пәтер, тұрмайтын бөлме, парктеу орыны, қоймада екі не одан да көп иелері болса, дауыс бергенде олар бір дауысқа ие болады. Жиналысқа пәтерлер, тұрмайтын бөлмелер иелерінің жалпы санынан жартысынан көбі қатысқан жағдайда шешім шығаруға құқығы бар болады.
Бұл мәселе бойынша меншік иелері жалпы жиналысының шешімі хаттамамен рәсімделеді және «Солтүстік Қазақстан Электр желі Тарату Компаниясы» АҚ –на жолданады.
Хаттамаға жиналысқа қатысқан бөлмелер иелерін тіркеу парағы, бөлмелер иелерінің дауыс беру парағы қосымша беріледі.
Жалпы жиналыс шешімінің хаттамасы тапсырылғаннан кейін, ҮЖҚ-не тұтынған электр энергия үшін төлемі әр бөлек бөлменің иесінен талап етіледі және тұрғындардың өздері тікелей «Солтүстік Қазақстан Электр желі Тарату Компаниясы» АҚ–на төлем жасайды.
Пәтер иелерінің шешімі Заң талаптарына сәйкес келуге тиіс, ол:
- шешім бөлмелер иелерінің жалпы жиналысымен қабылданады;
- жиналысқа пәтерлер, тұрмайтын бөлмелер иелерінің жалпы санынан жартысынан көбі қатысқан жағдайда шешім шығаруға құқығы бар;
- жиналыс шешімі пәтер иелерінің жалпы санынан жартысынан көбінің дауысымен қабылданады;
- жиналыс хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қолдарын қояды. Хаттамаға жиналысқа қатысқан бөлмелер иелерін тіркеу парағы қосымша беріледі.
Дауыс беру кворумы болмаған жағдайда дауыс беруі жазбаша сауалнама жолымен жасалады
Бұл мәселе бойынша шешім қабылдау процесінде келесі жағдайлар есепке алынады: бөлмелер иелері ҮЖҚ-не тұтынған электр энергия үшін тікелей «Солтүстік Қазақстан Электр желі Тарату Компаниясы» АҚ–на төлем жасағанда, олардың арасында өзара қарым-қатынасы Жалпы жиналысының хаттамалық шешімі негізінде жәсалады және қарыз пайда болған жағдайда пәтер иелерінің әрқайсысы жеке жауапкершілік принципі бойынша жауап береді.

