Петропавл 2-ЖЭО-на материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы қажет.

Міндеттері:

  • Кәсіпорынды, оның өнеркәсіптік қызмет үшін материалдық ресурстармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • Кәсіпорынды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша шарттарды келісуге және жеткізу шарттарын жасасуға қатысу, жеткізушілермен тікелей тұрақты және ұзақ мерзімді шаруашылық байланыстарды кеңейту жөнінде шаралар қабылдау;
  • Нарықтың пысықталуын және ТМҚ әлеуетті жеткізушілеріне баға ұсыныстарын сұратуды уақтылы жіберуді бақылау;
  • Бөлінген ресурстар мен жабдықтау жоспарларының белгіленген санына, сапасына және жиынтығына сәйкес уақтылы және толық іске асырылуын қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • Жоғары экономикалық, инженерлік-техникалық білім;
  • Жабдықтау саласындағы басшы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
  • Сатып алу саласындағы заңнаманы білу.

Шарттар:

  • Жұмыс режимі: 5/2, сағат 08.00 бастап сағат 17.00 дейін;
  • Айына 2 рет жалақы төлеу;
  • ҚР заңнамасына сәйкес еңбек шартын рәсімдеу;
  • Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік кепілдемелер;
  • Жұмысқа/жұмыстан автокөлікпен жеткізу;

Жұмыспен қамту түрі:

  • Толық жұмыспен қамту, толық күн;
  • Тұрақты лауазым.

Байланыс ақпараты:

Анықтама телефоны: 8-(7152)-52-02-61; 8-747-915-71-02

Мекен-жайы: Я. Гашек к.28 Петропавл 2-ЖЭО

E-mail: resume@sevkazenergo.kz