2025 жылы «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС тұтынушыларға 1,35 млн Гкал жылу энергиясын берді. Кәсіпорын жұмысының қорытындысы туралы тұтынушыларға Табиғи монополияларды реттеу бойынша комитетінің департаменті ұйымдастырған қоғамдық қабылдауда Бас директордың өндіріс бойынша бірінші орынбасары – бас инженер Максим Буландо айтты.
Негізгі өндірістік жетістіктерге кіреді:
- 79 мың үй шаруашылығы және өндірістік, коммерциялық және бюджеттік секторының 2,5 мың ұйымдары жылу алды.
- Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 140 жаңа нысан қосылды. Оның ішінде — 16 көп пәтерлі тұрғын үй, 65 жеке үй және 59 заңды тұлғаның нысаны.
- Жылу желілері мен жабдықтарын ауыстыру және реконструкциясы үшін 914,8 млн теңге инвестиция жасалды. Кәсіпорынның қызмет көрсететін жылу трассаларының жалпы ұзындығы 210 км құрайды.
Бас инженер инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасының жалғастыруына назар аударды. «2026 жылы «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС жоспарлы түрде инфрақұрылымды жаңартты. Жоспар бойынша қаланың жылу магистралінің реконструкциясын жалғастыру үшін бұл жұмыстарға 1,4 млрд теңге жұмсалады», – деді Максим Буландо.
Қоғамдық қабылдау компания үшін жиі өтетін практика. Бұл кездесулер тұрғындарға көзбе-көз қызметтің сапасы туралы сұрақ қоюға, тарифтер бойынша түсіндірмелер алуға және жөндеу жоспарлары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жұмыстың осындай пішіні жылумен жабдықтау процесін ашығырақ қылады және тұтынушылардың сауалына бағыттайды.

