«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобының 111 энергетигі Жаңа жылды жұмыс орындарында қарсы алады.Олар жылдың басты түнінде Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарының жайлылығына жауап береді.

31 желтоқсанда Петропавл 2-ЖЭО-да кезекшілікке 64 қызметкер кіріседі. Олар станцияда жылу және электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етеді.
 
«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-да 12 адам сенімді жылу беруді қадағалайтын болады.
 
 «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ 35 қызметкері электр жабдығы мен желілердің жұмысын бақылайды.
 
Тоқтамастан, демалыссыз және үзіліссіз «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобының ұжымы сіздердің үйлеріңізде жылы және жарық болуы үшін энергия жүйесінің тұрақты және сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.
 
Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!