Бірқатар интернет- баслымдарда «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-ның («ОАЭК» АҚ еншілес ұйымы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ тобына енеді) қаржылық жағдайы туралы толық емес және жаңылыстыратын ақпаратты қамтитын басылымдардың пайда болуына байланысты, компания ресми түсініктеме беру қажет деп, санайды.
Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінде сенімсіз мәліметтер айтылуы, мәлімдеме жариялауға себеп болды. Өкінішке орай, біздің компанияның өкілдері кеңес отырысына шақырылмады, бұл бізге толық және өзекті деректерді ұсынуға мүмкіндік бермеді.
Қазіргі таңда ЖШС-ның жылу энергиясын жеткізу үшін ағымдағы міндеттердің жалпы сомасы 1,9 млрд теңге құрайды. Оларды қамтамасыз ету қолданыстағы шарттармен кепілдендірілген.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің нысаналы несие қаражатына (2011-2019 жж) жалы ұзындығы 29 километр қаланың бес негізгі жылу магистралі (№ 1, 2, 5, 7, 15) қайта құрылып, салынды.
Кестеге сәйкес жоспарлы түрде өтелетін ЕҚҚБ нысаналы несиесі бойынша қалдығы 1,4 млрд теңге құайды.
«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС Петропавл тұрғындарын жылумен қамтамасыз ететін, қалалық инфрақұрылымның ажырамас бөлігі болып табылады. Компания қолданыстағы тарифтік шешімдер шеңберінде бекітілген бағдарламаларға сәйкес желілерге жоспарлы жаңғыртуды жалғастыруда, жылыту маусымында сенімді жылумен жабдықтау бойынша барлық міндеттемелер толық көлемде орындалуда.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғамдық институттармен, билікпен және БАҚ-мен сындарлы диалог үшін ашық болып қалады. Біз бұқаралық ақпараттық құралдарды құзіретті дереккөздерден түсініктеме алуға және «СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниялар тобының қызметіне қатысты ақпаратты тексеруге шақырамыз.


