Петропавл 2-ЖЭО 13 қызметкері "Қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы үздік қызметкер" атағына лайық
 
Бүгін Петропавл 2-ЖЭО-да қауіпсіздік нормаларын мінсіз сақтау, жұмысқа жауапкершілікпен қарау және өндірісте қауіпсіз жағдайларды жасауға жеке қосқан үлесі үшін еңбекті қорғау саласында ерекше көзге түскен, қызметкерлерді салтантты марапаттау рәсімі өтті.
 
Қауіпсіздік және еңбек қорғау басқармасының (ҚжЕҚБ) мамандары жыл бойына қауіпсіздік техникасын сақтау мониторингісін жүргізді. Бағалау қорытындысы бойынша ережелерді бұлжытпай орындап қана қоймай, еңбекті қорғау жүйесін жетілдіруге белсенді атсалысатын қызметкерлер танылды.

«Біз үшін қауіпсіздік жай ғана формальдылық емес, жұмысымыздағы негізгі басымдық"- деп, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский баса айтты. «Марапатталғандардың әрқайсысы кәсіпорында қауіпсіздік мәдениетін дамытуға нақты үлес қосуда".
 
 Марапатталғандардың арасында — машинистер, электромонтерлар, аппаратшылар және ақау анықтаушылар бар. Оларды кәсібилік пен қауіпсіздікке саналы көзқарас, өндірісті одан да сенімді ету ниеті біріктіреді.
 
 «Өндірістегі қауіпсіздік- бұл әркімнің күнделікті тәртібі мен назарының нәтижесі. Атаққа ие болған, әріптестеріміз ережені сақтап қана қоймай, өзгелерге үлгі болып жүрген жандар. Олардың жауапкершілігі тәуекелдерді азайтуға және қолайлы жұмыс жағдайын жасауға көмектеседі"-деп, Петропавл 2-ЖЭО директоры Дмитрий Захаров атап өтті.
 
Әріптестерімізді лайықты марапататтарымен құттықтаймыз!