Петропавл 2-ЖЭО-да жылыту маусымына дайындық бойынша ауқымды жөндеу науқаны жалғасып жатыр, оған «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 21 млрд теңгеден астам қаражат жұмсауда.

Қазіргі уақытта № 6 және № 9 қазандық агрегаттарына, сондай-ақ № 4 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілді. 30 қыркүйекке дейін № 10 және № 11 қазандық агрегаттарындағы жұмыстарды толық аяқтау жоспарланып отыр. Барлық ағымдағы және жоспарлы жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүріп жатыр.

№ 2 қазандық агрегатын қайта құру оның өнімділігін сағатына 220-дан 240 тонна буға дейін арттыруға мүмкіндік береді, ал № 1 турбоагрегатты қайта құру станцияның жылу қуатын 90 Гкал/сағ-қа ұлғайтады. Сонымен қатар,  № 9, 10 және 11-ші 6 кВ-тық ЖҚУ  секцияларының электр техникалық жабдықтарын қайта құру, күл үйіндісінің тіреуіш бөгеттерін өсіру және № 3 түтін құбырын қайта құру бойынша маңызды жобалар іске асырылуда.

«Жылыту маусымының басына қарай Петропавл 2-ЖЭО жұмысқа 10 қазандық агрегаты және 7 турбоагрегатпен кіріседі, бұл қаланы сенімді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді Петропавл 2-ЖЭО директоры Дмитрий Захаров.

Жөндеу науқанының сәтті жүзеге асырылуы жабдықтардың тозуын айтарлықтай азайтуға, станция жұмысының жалпы сенімділігін арттыруға және қысқы экстремалды жүктемелер кезеңінде де қаланы тұрақты, үздіксіз жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етуге толық кепілдік береді.