«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ұжымы Белое көлдің әкелетін және әкететін арналарының жағалау сызығын тұрмыстық қоқыстан ауқымды тазарту жұмыстарын жүргізді. Сембілікке әкімшілік кеңсе мен станцияның 70-тен астам қызметкері шығып, олар бірлескен күш-жігермен 6,7 тонна қоқыс жинап, шығарды және жағалау аумағын жедел түрде тәртіпке келтірді.

Іс-шара жалпыреспубликалық «Таза Қазақстан» науқанын, кәсіпорынның ішкі «Таза бейсенбі» экологиялық күнін және Петропавл 2-ЖЭО-ның 65 жылдығын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ энергетиктері қоршаған ортаны сақтауға және солтүстік өңір аумақтарын абаттандыруға бағытталған науқандарды тұрақты түрде қолдап тұрады.