"Солтүстік Қазақстан Электр желістік Тарату компаниясы" АҚ: халық үшін электр энергиясына тариф 2024 жылдан бастап өзгеріссіз қалады
"Солтүстік Қазақстан Электр желістік Тарату компаниясы" АҚ ресми түрде хабарлайды: жеке тұлғалар үшін электр энергиясына тарифтер 2024 жылдан бастап көтерілмейді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2026ж.23.01. № 59-03-79/74 дәлелді қорытындысын 2026ж.31.03. № 59-03-01/324 толықтыруға сәйкес, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге 29,74 теңге/кВтсағ мөлшерінде жаңа шекті баға белгіленеді. ҚҚС есебінде (немесе ҚҚС есебімен 34,50 теңге/кВтсағ). Тарифтердің өсуі азаматтардың негізгі санатына әсер етпейтінін және компанияның баға саясатының өзі өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталғанын атап өту маңызды.
Электр энергиясын өз қажеттіліктері үшін пайдаланатын, тауарлар мен қызметтерді өндірумен немесе сатумен байланысты емес тұрмыстық тұтынушылар (жеке тұлғалар) үшін тариф 2024 жылдан бері өзгерген жоқ. Халық үшін базалық мөлшерлеме ҚҚС есебінсіз 17,14 теңге/кВтсағ мөлшерінде белгіленген, бұл салықты есепке алғанда 19,88 теңге/кВтсағ құрайды.
Бұдан басқа, тұтыну көлеміне байланысты тарифтерді саралау қағидаларының күші толық көлемде сақталады. Бұл электр энергиясы үшін төлемді мүмкіндігінше әділ етуге мүмкіндік береді: электр энергиясын аз жұмсайтындар аз төлейді. Жеке тұлғалар үшін мынадай сараланған тарифтер қолданылады:
Электр плиталарын пайдаланбайтын, азаматтар үшін
|
Тұтыну көлемі |
ҚҚС-сыз тариф |
ҚҚС-мен тариф
|
|
айына 70 кВтсағ дейін |
16,57 теңге |
19,22 теңге
|
|
70-тен 150 кВт / сағ дейін |
20,57 теңге |
23,86 теңге
|
|
150 кВтсағ жоғары |
25,71 теңге |
29,82 теңге
|
Электр плиталарын пайдаланатын, азаматтар үшін
|
Тұтыну көлемі |
ҚҚС-сыз тариф |
ҚҚС-мен тариф
|
|
айына 90 кВтсағ дейін |
15,52 теңге |
18,00 теңге
|
|
90-нан 170 кВтсағ дейін |
20,57 теңге |
23,86 теңге
|
|
170 кВтсағ жоғары |
25,71 теңге |
29,82 теңге
|
Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысының 8 ауданының тұрғындары электр энергиясы үшін бұрынғыдай ставкалар бойынша төлеуді жалғастырады.
Тұтынушылардың басқа санаттары үшін келесі бағалар бекітілді:
2 – топ-электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар (өзге тұтынушылар) 32,04 теңге (ҚҚС-мен 37,17 теңге).
3 топ-мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар (бюджеттік ұйымдар) 49,48 теңге (ҚҚС-мен 57,40 теңге).
4-топ-әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер (ӘМАТ/СЭС) 29,74 теңге (ҚҚС-мен 34,50 теңге).
Көрсетілген мәндер объективті экономикалық процестерді және Солтүстік Қазақстан облысының электр желілік кешенінің сенімділігін қолдау қажеттілігін көрсетеді.
Анықтама: ҚҚС салықсыз құнның 16% құрайды. ҚҚС-мен көрсетілген барлық тарифтер төлемдерді есептеу үшін түпкілікті болып табылады.


