«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ мамандандырылған техника паркін жаңа автогидрокөтергішпен толықтырды.
Толық жетекті КАМАЗ шассиі негізіндегі автогидрокөтергіш ұзындығы 36 метрлік жебемен жабдықталған. Мұндай көтергіш компания теңгеріміндегі барлық жоғары вольтты әуе электр беру желілерінде жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді.
«Толық жетекті шасси техниканың өтімділігін қамтамасыз етеді және тіпті күрделі ауа райы жағдайында да жұмыс орнына жетуге мүмкіндік береді», — деп хабарлады бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженер Владимир Крайсвитний.
Заманауи арнайы техниканы басқару құқығы тәжірибелі маман — Механизация және көлік тобының автомұнара жүргізушісі Ильнур Габидулинге сеніп тапсырылды. Оның еңбек өтілі 25 жылдан асады.
Жаңадан сатып алынған техника электр желілеріне қызмет көрсетудің жеделдігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
