Мердігер ұйымның қызметкерлері кернеуі 110 кВ «Возвышенка-Советская» әуе электр желісін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуде.
Мамандар 23 жаңа тірек орнатып, ұзындығы 4,5 км сымды монтаждайды. Жұмыстың басты міндеті – әуе электр желісін батпақты жерден шығару.
Қайта құру Мағжан Жұмабаев ауданы мен Аққайың ауданы тұрғындарын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырады.


