«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат энергетика саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға, заманауи білім беру бағдарламаларын енгізуге және тәжірибе- бағдарлы оқытуды күшейтуге бағытталған.

Меморандум келесі бағыттар бойынша жан-жақты серіктестікті қарастырады:

-Кадрларды даярлау- студенттер мен қызметкерлер үшін тағылымдамадан өту, дуальды оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламаларын құру.

- Біліктілікті арттыру- ғылыми әлеуетті тарта отырып, «СЕВКАЗЭНЕРГО» қызметкерлерінің кәсіби өсуі үшін курстарды әзірлеу.

-Бірлескен білім жобалары -оқу жоспарларына мамандандырылған модульдерді, компания сарапшыларынан шеберлік сабақтарын енгізу.

-Зерттеу жұмысы-қолданбалы әзірлемелер үшін ЖОО зертханалары мен кәсіпорынның өндірістік алаңдарын пайдалану.

«Кадрларды даярлау мәселесі біз үшін түбегейлі маңызды. Бұл серіктестік студенттерге өндіріс процесіне және компанияға қажетті құзіреттері бар кәсіби мамандарға қол жеткізуге мүмкіндіктер береді»-деп, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский атап өтті.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-мен ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын саланың сұраныстарына барынша жақындатуға мүмкіндік береді. Біз түлектердің кәсіпорынға қажетті дағдылармен келуі үшін дуальды оқытуға бас тігеміз»-деп, университеттің ректоры Ербол Исакаев атап өтті.

Жақын арада тараптар ынтымақтастықтың нақты бағдарламаларын әзірлеу үшін жұмыс тобын құруға кіріседі.