Әріптестер!

Энергетик күні -кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтауларды қабыл алыңыздар!

Энергетика —бұл қазіргі қоғам өмірінің негізі, қалалар мен зауыттарды қозғалысқа келтіретін, әр үйге жарық пен жылу беретін, жиелік ритм. Сіздердің жұмыстарыңыз жоғары біліктілікті, жауапкершілікті, дәлдікті және адалдықты қажет етеді. Сіздер күн сайын «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының дамуына баға жетпес үлес қосасыздар, барлық жүйелердің үздіксіз және сенімді жұмысын қамтамасыз етесіздер, осылайша біздің бүкіл ұжымның табысының негізін қалап отырсыздар.

Энергетик мамандығы -бұл жай ғана жұмыс емес, бұл батылдықты, күшті және ең күрделі мәселелерді шешуге тәулік бойы дайындықты қажет ететін, нағыз миссия.

Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жайдарлылық және болашаққа деген сенімділік тілейміз. Кәсіби жолдарыңыз тек қызықты жобалармен және сенімді серіктестермен толы болсын. Отбастарыңызда тыныштық, береке және өзара түсіністік орнасын, ал үйлеріңіз әрқашан жайлы және жылы болсын.

Жұмыста тұрақтылық, жаңа жетістіктер және жарқын болашақ тілейміз! Мерекелеріңізбен!