ҚР Энергетика министрлігінің  Мемлекеттік және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожков «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ тобы кәсіпорнына келіп, облыстық энергетикалық кәсіпорындары мен мемлекеттік қадағалау органдарының басшыларымен жұмыс мәжілісін өткізді.

 

Кездесу басында Илья Рожков энергетиктерге Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Комитетінің Аумақтық департаментінің жаңа басшысы  Мейрамғали Кәкібаевпен таныстырды, ол энергетика саласында 18 жыл тәжірибесі бар маман болғанын айтты, жаңа басшыға жұмысы табысты болсын деп тілек айтылды.

 

Илья Рожков энергетиктердің жақсы орынға қойылған жұмысын белгіледі, «СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниялар тобының жүктемесі өте жоғары кезінде жасаған жұмысына оң баға берілді.

 

Энергетиктер көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындалу мәселесін талқылады.

 

Барлық тараптар бір-бірімен пікір алысты және бірігіп жұмыс жасауға дайындығын дәлелдеуімен мәжіліс аяқталды.