"Солтүстік Қазақстан ЭТК" АҚ бас директоры Александр Чекулаев ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаевтың кеңесіне қатысты, онда компанияның негізші жетістіктер мен жоспарлары туралы ақпараттандырды.
 
 Жұмыстың өзекті бағыттары:
    Есеп пен мониторингті жетілдіру
  2021 жылдан бастап кернеудің барлық кластары бойынша технологиялық жағдайлардың кеңейтілген есебі жүргізіледі, бұл энергия жүйесінің ашықтығы мен жұмысын бақылауды арттырады.
 2023–2024 жылдарда компания ауа-райының қиын жағдайларын (көктайғақ, су тасқыны) сәтті шешіп, олардың тұтынушыларға әсерін барынша азайтты.

    Жаңғрыту және инвестиция
2025 жылы 3,375 млрд теңгеге іс-шаралар жоспарланған, бұл жабдықтың жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді.
Инфрақұрылымды жаңғырту бойынша Ұлттық жобаға қатысу (2025–2029жж) жаңа мүмкіндіктерге жол ашады:
- 11,844 млрд теңге (2025–2026 гг.) жобалар бекітілді,
- "Ауыл-Ел Бесiгi" (2025ж. 151 км ВЛ-0,4 кВ және 68 КТП) бағдарламасы шеңберінде желілерді қайта жаңарту жоспарлары әзірленді.
 
Кадрлық саясат және әлеуметтік жауапкершілік
Компания мамандарды тарту және еңбек жағдайын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Салада жалақының лайықты деңгейін қамтамасыз ету үшін тарифтік саясатты жетілдіру бойынша сұхбат жүргізілуде.
Перспективалар:
"Солтүстік Қазақстан ЭТК" АҚ инновацияларды, мемлекеттік қолдауды және өз ресурстарын пайдалана отырып, жаңғырту және тұрақты даму жолымен сенімді түрде жүріп келеді. Алда өңірдің энергетикалық жүйесін нығайтып, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыратын, ауқымды жобаларды жүзеге асыру күтіп тұр.
 
 "Петропавл Жылу Жүйелері" ЖШС қызметкерлері беріктік пен тығыздыққа гидравликалық сынақтар жүргізу кезінде анықталған, №15жылу магистраліндағы технологиялық бұзушылықты жоюда. Жылу магистралінің учаскесіндегі құбырдың диаметрі – 700 мм.
 
Жөндеу аяқталғаннан кейін келесі объектілерде ыстық сумен жабдықтау қалпына келтіріледі:
 11 көппәтерлі тұрғын үй;
 2 жеке үй.

  Жұмысты 3 маусымға дейін аяқтау жоспарлануда.