«Солтүстік  Қазақстан ЭТК»  АҚ: өңірдің энергия жүйесінің тұрақты дамуы 

 «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату  Компаниясы» АҚ  тұтынушыларды тұрақты және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ете отырып, өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда.  

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында компанияның энергетиктері электр желілік шаруашылық объектілерінде ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізді:  

   - Ұзындығы 5 км «Октябрьская-Коноваловка» әуе желісін қалпына келтіру бойынша жұмыс толығымен аяқталды 

   - Кернеуі 35-110 кВ  128,9 км  электр  беру желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді  

   -  24,12 км  0,4-10 кВ  желілерде профилактикалық жөндеу  жұмыстары жүргізілді

   - 10/0,4 кВ 17  трансформаторлық қосалқы станцияда жаңғырту жүргізілді 

   -  «Тимирязево»  және «Сибирь»  қосалқы станцияларын қайта жаңарту бойынша дайындық жұмыстары басталды

   - Бірнеше тарату пунктарындағы ескірген жабдықтар ауыстырылды  

Компания екінші жартыжылдықта бірқатар маңызды жобаларды іске асыруға  белсенді дайындалуда: 

- 220/35/10 кВ "Смирново"  қосалқы станциясын   қайта жаңарту –  жоба өңірдің негізгі энергетикалық тораптарының бірін толық техникалық қайта жарақтандыруды көздейді 

- Петропавлда 10 кВ ПС 110/10 кВ № 11 ЖТҚ жаңғырту  – қала тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сенімділігін арттырады. 

-  "2-ЖЭО-Сибирь"110 кВ   әуе желісінде найзағайдан қорғау тросын ауыстыру –  энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыру бағдарламасының маңызды кезеңі  

- "Новомихайловка"  және "Николаевка"  қосалқы станцияларындағы тарату құралдарын күрделі жөндеу

Компания  тұтынушылармен жұмыс істеу жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөледі: 

- Тұтынушының «Жеке кабинеті» қоса,  цифрлық  қызметтерді дамыту жалғасуда 

-Қозғалысы шектеулі адамдар үшін  компания кеңселерінің қолжетімділігі жақсарды   

«Біз өңірдің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті заманауи, сенімді және тиімді энергия жүйесін құруға сенімді түрде қадам басып келеміз»-деп, компанияның бас директоры Александр Чекулаев атап өтті.