Кеңсенің өңірлік инспекторы ҚР Премьер-Министрі Бауыржан Балгабаев алдағы жылыту маусымына инфрақұрылымның дайындығын бағалау үшін жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысының стратегиялық энергия объектілеріне барды.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский, жұмыс барысы туралы ақпараттандырды: «Барлық жөндеу іс-шаралары бекітілген кестеге сәйкес орындалады».
- 2-ЖЭО-да негізгі жұмыстар:
- 2 турбоагрегаттты және 7 қазандық агрегатты күрделі жөндеу;
- №2 қазандық агрегатты қайта жаңарту (2028 жылы аяқтау);
- Жаңа түтін құбырын пайдалануға енгізу.
«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС бас директорының м.а. Виталий Холоша, хабарлады: «№6 жылу магистралін қайта жаңарту жобасы жоспар бойынша жүзеге асырылады: қазірдің өзінде жұмыстың (1,7 км-ден 0,74 км.) 43% орындалды. Дәнекерленген қосылыстардың сапасына және белгіленген мерзімдердің сақталуына ерекше назар аударылады».
Орындалған кезеңдер:
- ТК-6-13 жылу камерасы құрылғысы;
- П-тәрізді компенсаторды орнату;
- Ружейников к. және Гоголь к. қиылысында құбырдың учаскесін ауыстыру.
Бауыржан Балгабаев жылыту маусымына уақтылы және сапалы дайындалудың маңыздылығын айта келе, өңірдің энергетикалық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін нормативтер мен жөндеу жұмыстарының кестелерін қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.