«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Компаниялар Тобында еңбек қауіпсіздігі мен әрбір қызметкердің денсаулығына қамқорлық – өзгермейтін басымдық болып табылады. Сондақтан барлық деңгейдегі басшылар өндірістік мәдениеттің жоғары стандарттарын қолдап, кәсіби өсу үшін үлгілі ортаны қалыптастыра отырып, жұмыс орындарын жүйелі түрде тексереді.
Шілде айында Петропавл 2-ЖЭО-да станцияның негізгі цехтары мен бөлімшелерін қамтыған жоспарлы аралаулар өтті. Бұл жұмыстың нәтижелері ішкі техникалық кеңесте егжей-тегжейлі талқыланды. Ашық диалогтың мұндай форматы аралас қызметтер арасында тәжірибемен жедел
алмасуға, бөлімшелердің іс-қимылдарын үйлестіруге және күнделікті жұмыс процестеріне озық тәжірибелерді тиімді енгізуге мүмкіндік береді.

