Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Электроэнергетика» мамандығының студенттері «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-на танымдық сапармен барды.
Экскурсия міндетті қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан басталды, содан кейін студенттер қосалқы станциялар қызметі мен орталық диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысты. Энергетиктер жастарға жабдықтардың жұмыс істеу принциптері мен өңірді электрмен жабдықтаудың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ оқу орындарымен жүйелі негізде өзара әрекеттеседі. Кәсіпорын қызметкерлері жастар энергетиканың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін өз көзімен көруі үшін тұрақты түрде экскурсиялар өткізіп тұрады.


