Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жсау және көлік колледжінің 18 болашақ жылу энергетиктерінің кәсіптік бағдар беру кездесуі 2-ЖЭО-энергияны генерациялау нысанында өтті.
«Экскурсия бізге ұнады. іБіз станцияның негізгі бөлімдеріне және 2-ЖЭО мұрағатына бардық. Жалпы, мен энергетиктердің жұмысына тәнтімін»– деп,машина жсау және көлік колледжінің студенті Глеб Головырин ойымен бөлісті.
Бұл жай ғана экскурсия емес, энергияның шынайы әлеміне ену. Станцияның қызметкерлері 2-ЖЭО мұрағатын көрсете отырып, қауіпсіздік техникасы бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық өткізді, қазандық, турбина және химиялық цехтардағы жалпы жұмыспен балаларды таныстырды, ашық тарату құрылғысы туралы айтты, сондай-ақ станцияның барлық процестері бақыланатын, 2-ЖЭО бас басқару қалқанының «негізін» көрсетті.
«Біз барлық студенттеріміздің Петропавл 2-ЖЭО-ңа баруын қамтамасыз етуге тырысамыз. Бұл экскурсиялар барысында олар жұмыстың ерекшеліктерімен, әрбір цехтағы өндіріс процесінің егжей-егжейлерімен және жұмыс жағдайларымен танысады.Біз кәсіпорын басшылығына студенттерге тек теорияны оқып қана қоймай, сонымен қатар бүкіл өндіріс процесін өз көздерімен көруге мүмкіндік бергені, әрқашан көмек көрсеткені үшін аса ризашылығымызды білдіреміз» –деп, колледж оқытушысы Вадим Искиндиров атап өтті.
Біз сенімдіміз: өндірістегі осындай кездесулер-кадрдағы жақсы бастамшылық. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ мамандары қазірден бастап компанияда мансапты құруды бастай алатын, болашақ энергетиктердің ұрпағымен тәжірибемізбен бөлісуге қуаныштымыз.

