Петропавл 2-ЖЭО-да Қауіпсіздік техникасы күні өтті. Негізгі бөлімшелердегі жұмыс орындарын тексеруге «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский және станцияның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Басты назарда қауіпсіздік талаптарының сақталуы, жұмыс орындарының жай-күйі және қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру мәселелері болды.
Тұрақты бақылау мен ашық диалог туындаған мәселелерді дер кезінде анықтауға, тәжірибе алмасуға және тиімді шешімдер табуға көмектеседі. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобы үшін қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі басты басымдықтардың бірі болып қала береді.

