Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов «Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ Жамбыл электр желілік ауданының тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтері -Бауржан Жакуповқа «Ерен еңбегі үшін» медалін тапсырды.

Компанияда 22 жыл еңбек еткен кезде Бауыржан Жакупов жоғары білікті, жауапты және тәртіпті қызметкер ретінде өзін көрсете білді. Ол әрдайым өзінің кәсіби деңгейін арттырады, еңбек міндеттеріне адал қарайды және компанияның заңды мүдделерін қорғауда принципті көрсетеді. Жұмыс барысында Бауыржан қауіпсіздік және еңбек қорғау нормаларын орындау бөлігінде өзіне және әріптестеріне талап қояды. Ол сабырлықпен, қайырымдылықпен, табандылықпен және жоғары жауапкершілікпен сипатталады.

Бауыржан Жакуповтың кәсіби шеберлігі корпоративтік деңгейде атап өтілді: 2025 жылы кәсіпорынның бригада құрамында ол «ОАЭК» АҚ электржелілік компаниялар командаларының арасында өткен тарату желілерін жөндеу және пайдалану бойынша электромонтерлардың бригадаларының жарысында 3 орынды иеленді.

Бауыржан Жакуповты «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттау өңірді сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге және энергетика саласын дамытуға қосқан жеке үлесін жоғары мемлекеттік бағалау болып табылады. Әріптесімізді құрметті наградасымен құттықтаймыз және оған кәсіби қызметте одан әрі табыс тілейміз.

Мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді!