Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ Мамлют электр желілік ауданының Дубровинский шеберлік учаскесінің тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтері Петр Харьковқа - «Ерен еңбегі үшін» медалін тапсырды.
Петр энергетика саласында 23 жыл жұмыс істеген кезінде өзін тәртіпті, атқарушы және өз ісіне берілген кәсіпқой ретінде көрсете білді. Ол қызмет көрсету, пайдалану, ағымдағы және күрделі жөндеу, сондай-ақ бекітілген учаскеде электр жабдықтары мен электр беру желілерін күзгі-қысқы кезеңге дайындау бойынша жұмыстардың барлық спектрін орындауды қамтамасыз етеді.
Өзінің ерен еңбегімен, жауапкершілігімен және жоғары кәсіпқойлығымен Петр энергетик мамандығының маңыздылығы мен беделін көрсетіп, жас ұрпаққа үлгі береді, сондай-ақ бай тәжірибесімен бөліседі. Көпжылдық адал еңбегі мен мамандыққа берілгендігі үшін ұжымда лайықты құрметке ие.
Петр Харьковты марапаттау өңірдің электржелілік кешенінің сенімділгін және тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосқан елеулі жеке үлесін жоғары мемлекеттік бағалау болып табылады. Әріптесімізді құрметті наградасымен құттықтаймыз!
Мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді!

.png)

