Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов Петропавл 2-ЖЭО жылу автоматикасы және өлшеулер цехы электр станцияларының автоматикасы және өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электрослесарі - Андрей Чурсинға, энергетиканы дамытуға қосқан ерен еңбегін бағалап, мемлекеттік награда - «Ерен еңбегі үшін» медалін тапсырды.

Андрей Чурсин кәсіпорынға 30 жыл бұрын жас маман болып келді, табандылығымен, еңбекқорлығымен және үнемі жетілдіруге ұмтылып, кәсібін тез иегеріп алып кетті.Оның көпжылдық тәжірибесі, жауапкершілігі және бөлшектерге назар аударуы технологиялық процестердің тұрақтылығының және күрделі жабдықтардың сенімділігінің кепілі болып табылады. Андрей терең теориялық білімге және мінсіз практикалық дағдыларға ие, бұл ақаулықтарды дәл диагностикалауға ғана емес, сонымен қатар жөндеу жұмыстарының кешенін сауатты жоспарлау арқылы оларды жоюдың оңтайлы әдістерін тез анықтауға мүмкіндік береді.

Біздің әріптесіміз өзін өз ісінің шебері ретінде көрсетті, ол жабдықты, автоматика жүйесінің схемаларын мұқият біледі. Жоғары өндірістік мәдениетке, тәртіпке және мінсіз беделге ие бола, өзінің мол тәжірибесін жас мамандарға белсенді түрде жеткізеді, ұжымда лайықты беделге және құрметке ие.

Андрея Чурсинді «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттау оның көпжылдық еңбегін жоғары бағалау, кәсіби шеберлігі және өңірдің маңызды энергия нысанын үздіксіз және тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесі болып табылады. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ұжымы Андрей Чурсинді осы құрметті мемлекеттік наградамен шын жүректен құттықтайды!

Мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді!