«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ Диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары қызметінің қызметкерлері Соколовка жөндеу-өндірістік бригадасының радиожелісінде алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
Энергетиктер ультрақысқа толқын ауқымындағы антеннаны ауыстыру және оны кейіннен діңгекке монтаждау мен бекіту, антенна-фидерлік трактідегі тұрғын толқын коэффициентін өлшеу, радиожиілікті кабельдің активті кедергісін өлшеу, сондай-ақ жұмыстар аяқталғаннан кейін радиостанцияның негізгі параметрлерін және радиобайланыс сапасын баптау мен тексеру жұмыстары кешенін орындауда.
Жұмыстар радиобайланыстың сенімділігі мен сапасын арттыру, сонымен қатар Қызылжар ауданы Соколовка жөндеу-өндірістік бригадасының электр желілері объектілерін орнықты жедел-диспетчерлік басқарумен қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатыр.
