«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ энергетиктері 35/10 кВ «Рабочий посёлок» қосалқы станциясынан шығатын кернеуі 10 кВ 12-фидер әуе электр беру желісін ауқымды қайта жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұл жоспарлы жұмыстар электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және желілік инфрақұрылымның тозуын азайтуға бағытталған.
Қызметкерлер сымдарды, ақаулы тіректерді, траверстер мен оқшаулағыштарды ауыстырып жатыр.
Еске саламыз, нақты мекенжайлар бойынша жоспарлы ажыратулар кестесі туралы өзекті ақпаратты sevkazenergo.kz ресми сайтының «Жоспарлы ажыратулар» бөлімінен көруге болады.


