«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ энергетиктері № 2 110/10 кВ қосалқы станциясының 10 кВ кабельдік желісіндегі қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады.

Мамандар зақымданған жерді анықтап, жоғары вольтты сынақтар мен жалғағыш муфталарды монтаждау жұмыстарын жүргізді, кабельдік желіні іске қосты, фазалардың сәйкестігін тексерді, сондай-ақ орды көміп, тегістеді.

Жұмыстар жүргізілген уақытта тұтынушылар резервтік желіге қосылды. Зақым үш сағаттың ішінде жойылды.

Жұмыстардың негізгі мақсаты – К. Сүтішев – Амангелді – Ы. Алтынсарин – Қазақстан Конституциясы көшелерінің аумағында тұратын тұтынушыларды үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету.