ҚР ЭМ мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінде өңірдің энергетикалық кәсіпорындарының қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.   

 

Энергетикалық жүйені дамытуға қосқан адал еңбегі мен жеке үлесі үшін  комитет төрағасы Ержана Ертаев атынан «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының үш өкілі алғыс хаттармен марапатталды. Марапаттарға облыстың тіршілікті қамтамасыз етудің негізгі объектілерінің тұрақты жұмысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандар ие болды:   

Елена Белозерова —   «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ бас директордың тарату жөніндегі орынбасары;

Ирина Путилова —   Петропавл 2-ЖЭО багерлік сорғы мотористі; 

Алина Кусаинова -  «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі инженері.

 

Марапаттарды тапсыра отырып, аумақтық департаменттің басшысы  Мейрамғали Кәкібаев энергетика саласының міндеттері тұрғысынан кәсіби қызметкерлердің маңыздылығын атап өтті.  Күрделі техникалық міндеттерді сәтті орындап, қала мен  облыс тұрғындарын электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосатын әйелдердің маңызды рөліне ерекше назар аударылды.  

«Біздің  энергетиктеріміздің кәсібилігі мен адалдығы-өңірдің  тұрақтылығының кепілі.  Бүгін біз күнделікті жұмысы қарапайым адамға көрінбейтін, бірақ мыңдаған адамдар үшін жайлы өмірдің негізі болып табылатын ең үздіктерді атап өтеміз» —деп,салтанат барысында  Мейрамғали Кәкібаев атап өтті.

 

 «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтайды!