«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ тобының энергетитері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын белсенді түрде қолдап, өңірді көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Іс-шара Пёстрое көлінің көркем жағалауында өтті, онда қатысушылар экологиялық жағдайды жақсарту және Петропавловск тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы демалыс аймағын құру мақсатында ағаштар отырғызды.

Басты оқиға акцияның орталық алаңымен Қазақстан өңірлерін біріктірген телекөпір болды. Бейнебайланыс форматында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, мұндай бастамалардың экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы және елдің табиғи байлығын сақтаудағы маңыздылығын атап көрсетті. Мемлекет басшысы қоршаған ортаға қамқорлық жасау бизнес, мемлекет және әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» ұжымының «Таза Қазақстан» акциясына қатысуы — корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің және энергетиктердің өңірдің орнықты дамуына қосқан үлесінің жарқын үлгісі.