«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорын тобының ұжымы Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттарымен телекөпірге қатысты. Іс-шара елдің жаңа Конституция жобасын көпшілік алдында талқылауға арналды.
Ашық диалог барысында компания қызметкерлері конституциялық түзетулерді қолдау туралы бірауыздан мәлімдеді. Энергетиктер стратегиялық маңызды саладағы жұмыс құқықтық өріс пен саяси жүйенің тұрақтылығына ерекше талаптар қоятынын атап өтті.
«Біз үшін, энергетика саласындағы қызметкерлер ретінде, өнеркәсіптік даму мен ел қауіпсіздігін кепілдендіретін айқын және сенімді "ойын ережелері" өте маңызды. Жаңа Конституция жобасы бүкіл республика үшін де, атап айтқанда энергетика саласы үшін де алға жылжудың дұрыс бағытын белгілейді"-деп, телекөпір қатысушылары атап өтті.

