«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ энергетиктері спорт айдынында тағы да жарқырады. «Динамо» стадионында Петропавл қаласының еңбек ұжымдары арасында Қазақстан Республикасының Еңбек күніне арналған шағын футболдан жарыс өтті.
Жеңіс үшін қалалық кәсіпорындардың 7 командасы бақ сынасты. Турнирде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының намысын энергетиктер құрамасы қорғады.
Қатысушылар жақсы үйлесімділік пен жеңіске деген жігерлілік танытты.
Турнир қорытындысы бойынша «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының энергетиктер құрама командасы жүлделі 3-орынды иеленді!
Тартымды ойын көрсетіп, ұмытылмас әсер сыйлаған футболшыларымызға шынайы алғыс айтамыз. Сіздерді мақтан тұтамыз!

