Еңбек күні қарсаңында өз кәсібінде жоғары жетістіктерге жетіп қана қоймай, қала мен облыстың қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобының мамандары қала және облыс басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Өңірдің дамуына қосқан елеулі үлесі және белсенді азаматтық ұстанымы үшін 2-ЖЭО электр цехы электр зертханасының бастығы - Сергей Бадагазин Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сергей Владимирович жоғары сыныпты маман ретінде ғана емес, жас әріптестермен тәжірибесімен аянбай бөлісетін, тәлімгер ретінде де сонымен қатар кәсіпорынның қоғамдық өміріне белсенді араласатын маман ретінде белгілі.
Сондай-ақ облыс әкімінің Алғыс хатымен «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қолмен электр дәнекерлеушісі- Александр Азегов, марапатталды. Александр өзінің жоғары кәсіби деңгейі мен мінсіз шеберлігінің арқасында энергетикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге, облыстың коммуналдық инфрақұрылымының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуда.
Петропавл қаласы әкімінің Алғыс хаттары берілді:
- 2-ПЖЭО отын-көлік цехы автоматтандырылған отын беру моторисі- Галина Жолаушинаға;
- «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС №4 сорғы станциясының машинисі- Бакыт Магауоваға; ,
- «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШСжылу желілерінің жабдығын жөндеу жөніндегі слесарі- Вадим Аминовқа.
Бұл қызметкерлер өздерінің адал еңбегімен, көпжылдық тәжірибесімен және мамандықа берілгендігімен қаланы үздіксіз энергиямен және жылумен жабдықтауға және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға баға жетпес үлес қосады.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Бұдан әрі кәсіби табыстар, зор денсаулық және амандық-саулық тілейміз!