Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына және ҚР Кәсіподақтар  федерациясының  35 жылдығына орай  салтанатты марапаттау рәсімінде  «СЕВКАЗЭНЕРГО»  АҚ кәсіпорындар тобының энергетиктері  көпжылдық адал еңбегі және кәсіподақ өміріне белсенді қатысқаны үшін жоғары наградалармен марапатталды. Бұл өңір тұрғындарын күн сайын жылумен, жарықпен қамтамасыз етіп отырған, мамандарымыз үшін үлкен құрмет.    

 

 Марапаттар алды:  

 Ольга Зозуля,  «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы – «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін»  ҚРКФ  медалі («Белсенді кәсіподақ жұмысы үшін»).

Сергей Жолудев,  «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ  тарату желілерін пайдалану  жөніндегі электромонтёрі  – кәсіподақ қозғалысын қолдаудағы адал еңбегі және әлеуметтік серіктестікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс. 

Татьяна Медведева,«Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ Мамлют аудандық электр желілерінің қоймашысы   – еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғауда елеулі үлесі үшін грамота. 

Сергей Поливанов,  «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО  жылу автоматикасы және өлшеулер цехының аға шебері –еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғауда елеулі үлесі үшін грамота.   

 

Мамлют АЭЖ қоймашысы- Татьяна Медведева үшін марапат жағымды тосын сый болды. Біздің әріптесіміз желілерді жөндеу үшін  бригадаларды барлық қажетті заттармен  қамтамасыз етеді. 

 

«Бұл жағымды және қызықты сәт. Қол-аяғым дірілдей бастады, мұндай аудиторияның алдында өмірімде бірінші рет марапаттап жатыр. Біздің осындай үлкен ұйымның арасынан ерекшеленгеніме өте қуаныштымын. Сондықтан кәсіподағымызға рахмет айтамын»–деп,    Татьяна толқуымен және мақтанышымен бөлісті.  

 

Біз шын жүректен барлық  марапатталған қызметкерлерді құттықтаймыз! Сіздердің марапаттарыңыз-жұмысшы мамандықтар жылы мамандардың еңбегі бағаланатындығының белгісі! Зор денсаулық, күш-қайрат және кәсіби табыстар тілейміз!