Петропавл 2-ЖЭО қызметкерлері «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның Павлодар 3-ЖЭО базасында өткен кәсіби жарыста жекелей есепте үздік нәтижелерге қол жеткізді:
1-орын — Павел Дедов, «Станцияның үздік аусым бастығы».
1-орын — Жанат Өмірбеков, «Электр цехының үздік электр монтері».
2-орын — Максим Соколов, электр цехының аусым бастығы.
2-орын — Сергей Баутин, қазандық цехының аусым бастығы.
2-орын — Сергей Солопов, турбиналық жабдықтар машинисі.
3-орын — Иван Петренко, қазандық жабдықтары машинисі.
Екі күн бойы қатысушылар техникалық пайдалану және қауіпсіздік ережелерін білу деңгейін тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсету және өртті сөндіру дағдыларын шыңдады, сондай-ақ жабдықтармен және жедел құжаттамамен практикалық тапсырмаларды орындады.
Жарыс қорытындысы бойынша Петропавл 2-ЖЭО командасы жалпыкомандалық есепте жүлделі 3-орынды иеленді.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-на шақыртуы, жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және кәсіби дағдыларды тексеріп, әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз.
Қатысушыларды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Командамызды мақтан тұтамыз және жаңа жеңістер тілейміз!

