21-24 қыркүйек аралығында Петропавл 2-ЖЭО-сында кезекші персоналдың төрт күндік ауқымды оқу-жаттығуы өтті.

Жаттығуларға бас басқару қалқанының, сондай-ақ қазандық, турбина, химия, электр және отын-көлік цехтарының мамандары тартылды. Мұндай сабақтардың мақсаты - шартты төтенше жағдайларды жою, ақпаратты жедел беру және барлық бөлімшелер арасындағы үйлесімді іс-қимыл бойынша практикалық дағдыларды шыңдау.


Жаттығулар бекітілген бағдарламаларға қатаң сәйкестікте жүргізілді. Әр сабақтан кейін шешімдердің дұрыс алгоритмдерін бекіту үшін персоналдың іс-әрекеттері егжей-тегжейлі талданды.


Мұндай дайындықтың басты нәтижесі - өңірді үздіксіз энергиямен жабдықтау үшін энергетиктердің үйлесімді жұмысы.