«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ 35/10 кВ «Рабочий кенті» қосалқы станциясынан шығатын №12 фидер 10 кВ ӘЖ-ні ауқымды жаңғыртудан өткізуде. «Оны толық реконструкциялауды «ASB ENERGOSISTEM» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізіп жатыр», - деді серіктестік директоры Виталий Плаксин.


Тіректерді, оқшауланбаған сымды заманауи өздігінен көтеретін оқшауланған сымға ауыстыру, сондай-ақ қосымша реклоузерлерді орнату жұмыстары атқарылуда.
«Бұл шаралар электрмен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін айтарлықтай арттыруға, апаттылықты азайтуға және шағын аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Монтаждау жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін Караванная- Белинский - Панфилов – Михеев - Куйбышев тоғайы - «Южный» кенті көшелерінің шекарасында электр энергиясы кезең-кезеңімен өшіріледі.


Жаңғырту жұмыстары электр энергиясын тұрақты беру үшін, әсіресе алдағы жылыту маусымында өте қажет», - деп хабарлады «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қала бойынша 10-0,4 кВ әуе желілері қызметінің шебері Виктор Пархоцюк.