«TURGYNDAR AMANATY» партиялық жоба аясында ұйымдастырылған «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» форум-семинарына «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ және «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС өкілдері қатысты. Шарада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы өзекті мәселелер, көпқабатты үйлерді тиімді басқару, қала инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында қатысушылар коммуналдық саладағы негізгі мәселелерді, Петропавл қаласының ағымдағы және келешектегі абаттандыру жобаларын жүзеге асыруды, сондай-ақ коммуналдық желілерді жаңғырту және қызмет көрсету сапасын арттыру бағдарламалары бойынша халықпен өзара іс-қимылды талқылады.

Адал еңбегі және өңірдің энергетика саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлеріне Алғыс хаттар мен Мадақтамаларды табыс етті.

Марапаттарға ие болды:

Юрий Зорин, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО электр цехының жөндеу жөніндегі инженері.

Евгений Сапрыгин, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ оқшаулау, кернеуден қорғау және өлшеу қызметінің жетекші инженер-химигі.

Валерий Девятых, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ жылу автоматикасы және өлшеу цехының электр станцияларының автоматика және өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі.

Вадим Джаманчалов, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қалалық электр желілерін басқару басқармасының қалалық диспетчерлік қызметінің электр монтері.

Анатолий Мирецкий, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ «Қызылжар» ТЭС-інің Соколовская РПБ диспетчері.

Владимир Погожев, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл ЖЭО-2 жөндеулерді жоспарлау және дайындау бөлімінің жөндеу жөніндегі жетекші инженері.

Форумның ресми бөлімінен кейін энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындардың басшылары ашық диалог форматында тұрғындардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді.

Видео