«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ энергетиктері Петропавл қаласындағы №7 қосалқы станциядан шығатын кернеуі 10 кВ электр жеткізу желісін күрделі жөндеуге кірісті. Бұл жоспарлы жұмыстар қысқы борандар кезінде сымдардың үзілуін болдырмау, желілік инфрақұрылымның тозуын азайту және тұрғындардың үйлеріндегі кернеудің ауытқуын жою үшін қажет.

Ауқымды жұмыстарды жүргізу кезеңінде қала тұрғындарын электр энергиясыз қалдырмау мақсатында компания қызметкерлері желіде ауыстырып қосу жұмыстарын жүргізді. Жөндеу уақытында Солнечный, Орман, Борки кенттерінің тұтынушылары, сондай-ақ 3-ші қалалық аурухана ауданы резервтік электрмен жабдықтау желілеріне қосылды.

«Бұл іс-шаралардың басты мақсаты — алдын ала әрекет етіп, ең жоғары жүктемелер кезеңінде технологиялық бұзылуларға жол бермеу және алдағы жылыту маусымында желінің тұрақты жұмысына кепілдік беру», — деп хабарлады «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ бас инженерінің орынбасары Сергей Гаврилов.

Нақты мекенжайлар бойынша жоспарлы ажыратулар кестесі туралы өзекті ақпаратты sevkazenergo.kz ресми сайтының арнайы «Жоспарлы ажыратулар» бөлімінен көруге болады.