«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қызметкерлері облыстың екі ауданында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Шал ақын ауданында магистральдық желілер мен қосалқы станциялардың Оңтүстік учаскесінің энергетиктері 35 кВ-тық «Октябрьская-Афанасьевка» әуе желісін жөндеуде.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар:
ӘЖ ақаулы оқшаулағыштарын, сымдары мен тіректерін ауыстыру
Тіректерге нөмір жазу
Диспетчерлік атауларды жаңарту
Саңылауларды шабу және тазарту
Тимирязев ауданында Есіл ауылын электр қуатымен қамтамасыз ететін 35/10 кВ-тық «Ишимская» қосалқы станциясына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар:
10кВ-тық ЖТҚО ақаулы оқшаулағыштарын және трансформатор майын ауыстыру
10/0,4кВ-тық жеке мұқтаждықтарға арналған күштік трансформаторды және 10кВ-тық өлшеуіш трансформаторды жөндеу
10кВ-тық ажыратқыштарды, жетектерді және майлы ажыратқыштардың түйіспелі бөліктерін тексеру
10кВ-тық ЖТҚО релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларын тексеру және баптау.
Бұл жұмыстар Шал ақын және Тимирязев аудандары тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған.
