Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынына дайындыққа тартылған күштер мен құралдарды тексеру жалғасуда. Іс-шаралар облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен өтуде.

 

"Солтүстік Қазақстан ЭТК" АҚ Шал ақынның АЭЖ  (электр желілері ауданы) қызметкерлері желілерді жедел жөндеуге қажетті арнайы техника мен материалдар қорын ұсынды.

Апатты қалпына келтіру бригадалары іс-қимылдардың жоғары үйлесімділігін және штаттан тыс жағдайларға арналған хаттамаларды білуді көрсетті.

 

Тексеру барысында өңір басшысы су тасқыны кезінде энергетиктерге  елді мекендерді тұрақты электрмен жабдықтауды сақтау -ерекше жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.

 

"Солтүстік Қазақстан ЭТК" АҚ бөлімшелерінің барлық ресурстары тәуекелдерді азайтуға және кез- келген ауа райы жағдайында энергия жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.