«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ энергетиктері №52 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциясына жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қосалқы станцияда келесі жұмыстар кешені атқарылуда: 10 кВ тарату құрылғының жабдықтарын тексеру және тазалау, сондай-ақ 5-фидердің №3 қосалқы станция ұяшығының желілік жүктеме ажыратқышын жөндеу және доға сөндіргіш қосымшаларын ауыстыру.
Жұмыстың мақсаты – Назарбаев – Казахстанская правда – Шәжімбаев көшелері мен Шәжімбаев өтпежолы шекарасында тұратын тұтынушыларды үздіксіз және сенімді электр энергиясымен қамтамасыз ету.
