«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-да 10/0,4 кВ №72 трансформаторлық қосалқы станциясын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс-шара 2026 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатыр.

Жұмыстарды «Форвард Строй» ЖШС мердігерлік ұйымының қызметкерлері орындауда.

«Мамандар іргетас блоктарынан жинақты трансформаторлық модульдік қосалқы станцияның негізін орнатты, жерге тұйықтау контурын монтаждады, қосалқы станцияның 3 бөлігін, атап айтқанда 0,4 кВ тарату құрылғысының бөлігін, 10 кВ тарату құрылғысының бөлігін, ТМ-630 кВА күштік трансформаторлары бар күштік трансформаторлар бөлігін монтаждады, сондай-ақ кернеуі 10–0,4 кВ электр беру кабельдік желілерін қайта кіргізді», — деп атап өтті Петропавл қаласы бойынша ТҚ, ТБ және ЖТҚ қызметінің бастығы Владимир Сафронов.

Жобаны іске асыру ҚР ІІМ Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Петропавл қалалық полиция басқармасы мен тергеу изоляторын электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттырады, сондай-ақ Пионерская, Абай, Жұмабаев және Советская көшелерінің шекарасында жүктемені ұлғайтуға жағдай жасайды.