«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-да №344 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциясын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Шара 2026 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында іске асырылуда.

«Жұмыстарды мердігер ұйым — «Форвард Строй» ЖШС қызметкерлері орындап жатыр», — деп хабарлады Петропавл қаласы бойынша ТҚ, БҚ және ЖТҚ қызметінің бастығы Владимир Сафронов. «Жобаны жүзеге асыру №3 қалалық емхана филиалы мен 3-ші қалалық аурухана тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттырады», - деп толықтырды ол.

Мамандар іргетас блоктарынан жиынтықты трансформаторлық модульдік қосалқы станцияның негізін орнатты, жерге тұйықтау контурын монтаждауды орындады, қосалқы станцияның 3 бөлігін, атап айтқанда 0,4 кВ тарату құрылғысы бөлігін, 10 кВ тарату құрылғысы бөлігін, қуаттылығы 1000 кВА Т-1, Т-2 күштік трансформаторлары бөлігін монтаждады, сондай-ақ кернеуі 10-0,4 кВ кабельдік электр беру желілерін қайта қосуды жүргізді.

Жұмыстар Пржевальский, Ватутин, Пушкин көшелерінің, сондай-ақ Мир және Ватутин тұйық көшелерінің шекарасындағы жеке секторда тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.